Түзеу мекемесінде Қайрымдылық күніне орай іс-шара өтті

15 наурыз, 2026 / Alashorda

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде 15 Наурыз-Қайырымдылық күніне орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – адамгершілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттау, қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру.

Шара барысында сотталған азаматтар қайырымдылықтың маңызы туралы әңгімелесіп, бір-біріне құрмет пен қолдау көрсету – адамдық қасиеттің басты белгісі екені айтылды. Сонымен қатар қатысушылар игі істер жасау арқылы қоғамға пайда келтіру әр адамның парызы екенін атап өтті.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұндай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар сотталған азаматтардың бойында мейірімділік, жанашырлық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Іс-шара соңында егде жастағы сотталғандар мен мүгедектігі бар сотталған азаматтарға қолдау көрсету мақсатында Алғыс хаттар табысталып, Абай Құнанбайұлының Қара сөздер кітабынан 
Адамгершілік, жақсылық жасау, бір-біріне көмектесу, мейірімді болу туралы терең ойлар жазылған үзінділер оқылып берілді.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Мейрамбек Бекқожаев