Мәзір
Қоғам

Президент Ербол Хамитовты қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады

Президент Ербол Хамитовты қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады
Фото: DSP Parasport

Мемлекет басшысы биатлоншы Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

\Президент спортшының табанды еңбек пен ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Бұл — шынайы құрметке лайық.

Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы бұған дейін шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі.