alashorda логотипі
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Заң мен тәртіп
Мәзір
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Заң мен тәртіп
  • Байланыс (WhatsApp)
  • ORDA LIFE
Қоғам

«Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

Alashorda 2 желтоқсан, 2025
«Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті
Ашық дереккөз

Астанада жүзеге асып жатқан JOLTAP жобасы төрт баланың анасы Нұргүл Жұмабекқызына жаңа мамандық меңгеріп, өзіне ыңғайлы кестемен жұмыс табуына мүмкіндік берді. Айтуынша, тігін ісін тегін оқытқан курс оның кәсіби бағытын түбегейлі өзгерткен, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұргүл Жұмабекқызы – 4 баланың анасы. Негізгі мамандығы – мұғалім.

Алайда осыған дейін мамандығы бойынша жұмыс істемеген екен.

«Үйде бала тәрбиесімен отырған анамын. Осы уақытқа дейін әртүрлі жұмыс істеп, өзімнің бағытымды айқындай алмай жүрдім. Істеген жұмыстарым көңілімнен шыққан жоқ. Бір күні қызым JOLTAP жобасы бойынша тегін курсты оқығысы келетінін айтты. Ол кезде оның жасы 18-ге толмаған еді.

Ата-анасының бірі бірге баруы керек болды. Содан мен онымен бірге барып, жоба аясындағы қысқамерзімді түрлі курстың бар екенін білдім. Жасым 43-те болса да, өзімнің де оқуға деген қызығушылығым оянып, тігін курсына жазылдым. Жоба мамандары да тігін курсын таңдауыма кеңес берді.

Дегенмен тігінші болып кетемін деп ойлаған емеспін. Ал қызым SMM курсына жазылды. Бір ай күткен соң, сабағымыз басталды. Осылайша 22 күндік курсты оқып бітірдім. Кураторым Фарида Арыстанқызы бәрін тыңғылықты түрде түсіндірді», – деді ол.

Нұргүл Жұмабекқызы жоба оған ерекше ұнағанын, сабақ та өте қызықты болғанын айтады.

«Тігін тігуді әр әйел білетін шығар. Әйел адам болған соң, ине мен жіпті ұстауды білеміз, балалардың киімін тігіп беру қолдан келетін. Бірақ көп нәрсені білмеппін. Тігінші боламын деген жоспарым да болмаған еді.

Шынымды айтсам, тегін курсқа жазыла салдым. Шақырған соң, барып көрейін дедім. Сабақ барысында тігін тігуге деген қызығушылығым оянды.

Курс кезінде бұл істің қыр-сырын үйрендім. JOLTAP жобасының аты айтып тұрғандай, мен де мұны кездейсоқ емес шығар, менің жолым осы шығар деп ойладым. Сабақ өте қызықты болды. Бұл жоба жастарға, кез келген адамға жақсы мүмкіндік екен. Әсіресе, үйде отырған аналарға көмегі көп дер едім.

Сабақ беретін ұстаздарға алғысым зор», - деп қосты жоба түлегі.

Оның сөзінше, жоба аясында тек курс оқытып қоймай, мамандар жұмысқа орналасуға да көмектеседі.

«Кураторларымыз курс аяқталған соң да, бізбен байланысын үзген жоқ. WhatsApp-та топ құрып, әрі қарай да ақпарат бөлісіп отырды. Қай жерге жұмысқа орналасуға болатынын айтып, тігін фабрикаларындағы бос орындар туралы ақпарат жіберіп, көмектесіп жатыр. Курс бітірген кезде, ұстаздарым тігін фабрикасынан жұмыс тауып берді. Бірақ ол жердің жұмыс кестесі таңнан кешке дейін болғандықтан, маған ыңғайсыз болды. Өйткені балаларымды мектепке апарып-алып келуім керек. Қазіргі таңда ательеде өзіме ыңғайлы кестемен жұмыс істеп жүрмін. Жұмысым өзіме ұнайды, түстен кейін сағат 16.00-де басталып, кешкі сағат 21.00-де аяқталады. Әлі де кураторымнан кеңес сұрап тұрамын. Ол кісілерге көп рақмет. Енді алда тағы бір курс оқуды жоспарлап жүрмін», - деді Нұргүл Жұмабекқызы.

Айта кетейік, JOLTAP жобасы Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен және «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Оның аясындағы қысқамерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін тегін түрде қолжетімді. Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Ал түлектердің кандидатуралары JUMYSTAP.KZ атты жұмыс және қызметкерлерді іздеуге арналған сайтта тегін жарнамаланады.

 
 
JOLTAP жобасы Нұргүл Жұмабекқызы

Тағы оқыңыз!

Президент Жеңіс Күнімен құттықтады
Президент Жеңіс Күнімен құттықтады
Бүгін, 10:03
Үржарда «Тауарлық несие» бағдарламасы сәтті басталды
Үржарда «Тауарлық несие» бағдарламасы сәтті басталды
4 мамыр, 2026
«Қайран 37 жыл». Белсенді ұстаздардың үстіннен қылмыстық іс қозғауды ұсынды
«Қайран 37 жыл». Белсенді ұстаздардың үстіннен қылмыстық іс қозғауды ұсынды
29 сәуір, 2026
«ЕуроХим – Қаратау» ЖШС 800 адамды жұмыспен қамтымақ
«ЕуроХим – Қаратау» ЖШС 800 адамды жұмыспен қамтымақ
28 сәуір, 2026
Жамбылдың өнеркәсіп кәсіпорындары 355,5 млрд теңгенің өнім өндірді
Жамбылдың өнеркәсіп кәсіпорындары 355,5 млрд теңгенің өнім өндірді
28 сәуір, 2026
«Теракт жасаған азаматтардың барлығымен әңгімелестім»
«Теракт жасаған азаматтардың барлығымен әңгімелестім»
25 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Бүгін, 12:02
Тарихты сақтаудың жаңа форматы

Бүгін, 10:08
Қазақстан мен Ресей президенттерінің Мәскеудегі кездесуі

Бүгін, 10:03
Президент Жеңіс Күнімен құттықтады

8 мамыр, 2026
Президент Алатау қаласына арнайы мәртебе беретін Конституциялық заңға қол қойды

7 мамыр, 2026
Белгородтағы «экзотикалық» кандидат: Анголалық соғыс ардагері Ресей саясатына не үшін келді?

7 мамыр, 2026
Бейжіңнің Гавана үшін арашасы: Қытай АҚШ-тан Кубаға салынған блокаданы тоқтатуды талап етті

7 мамыр, 2026
Трамп саясаты доллар үстемдігін әлсірете ме? Әлемдік қаржы жүйесіндегі жаңа бетбұрыс

6 мамыр, 2026
Атбасар ісі: азаптау бабының «жеңілдетілуі» және құқықтық әділдік мәселесі

6 мамыр, 2026
Ереван саммиті: АҚШ-қа жалтақтаған Еуропа және Украинаға қолдау

6 мамыр, 2026
Петр Фиаланың «Ашық картасы»: Чехия Қазақстанға жасалған қысымды неге әшкереледі?

6 мамыр, 2026
Соғыс географиясының кеңеюі: Ресей аймақтарының үштен бірі соққы астында

5 мамыр, 2026
Таласбек Әсемқұлов және қазақ өркениеті: ұлттық жадыны жаңғыртқан тұлға

5 мамыр, 2026
Зеленскийдің «уақытша бітім» туралы шешімі нені білдіреді?

5 мамыр, 2026
Майдан шебіндегі үміт пен күдік: Ресей басып алған жерлерінен айырыла бастады

5 мамыр, 2026
Аустрия мен Ресей арасындағы тыңшылық дауының жаңа кезеңі

4 мамыр, 2026
Үржарда «Тауарлық несие» бағдарламасы сәтті басталды

4 мамыр, 2026
Президент сыйға тартылған тұлпарларды арнайы барып көрді

4 мамыр, 2026
Семген сенім, сүрінген символ: Мәскеудегі шеру неге «сүреңсіз» боп қалды?

4 мамыр, 2026
Starlink Иранға қалай жетіп жатыр? АҚШ пен Иран арасындағы жаңа технологиялық майдан

4 мамыр, 2026
Геосаяси шайқас: Украина Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымына соққыны үдетті

2 мамыр, 2026
Сирек жер элементтері үшін күрес: Қазақстан АҚШ пен Қытай бәсекесінің жаңа орталығына айнала ма?

2 мамыр, 2026
Башқұрт пен татар шығыны Ауған соғысындағы КСРО шығынынан асты: Ресейдегі ұлттық аймақтар соғыстың негізгі салмағын көтеріп отыр

2 мамыр, 2026
Польшадағы тыңшылық дауы: Қазақстан дипломатының босатылуы нені аңғартады?

1 мамыр, 2026
АҚШ–Иран текетіресі: «сәтсіздікке ұшырайтын блокада» ма, әлде қысым саясатының жаңа кезеңі ме?

1 мамыр, 2026
Ресей армиясындағы шетелдіктер: Еріктілер ме, әлде адам саудасының құрбандары ма?

1 мамыр, 2026
Солтүстік Кореядағы ақпараттық репрессия: шетелдік сериал үшін өлім жазасы – миф пе, әлде жүйелі саясат па?

30 сәуір, 2026
Абай университетінде мансаптық мүмкіндіктерге жол ашқан жәрмеңке өтті

30 сәуір, 2026
Астанада 500-ден астам есірткі сайты бұғатталды: Елордада есірткі бизнесімен күрестің жаңа әдістері талқыланды

30 сәуір, 2026
Астанада азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

30 сәуір, 2026
Трамптың «Үлкен ойыны»: Мәскеуге талап, Тегеранға құрсау

30 сәуір, 2026
БАӘ-нің ОПЕК-тен шығуы: жаңа Таяу Шығыс қалыптасып жатыр

30 сәуір, 2026
Ақ үй және Иран: Таяу Шығыстағы «жаңа соғыстың» елесі ме?

29 сәуір, 2026
Германияда тыңшылық айыбымен Қазақстан азаматы ұсталды

29 сәуір, 2026
«Пікір-таласқа дайынмын». Аймағамбетов дебатқа шығудан бас тартты (ВИДЕО)

29 сәуір, 2026
«Қайран 37 жыл». Белсенді ұстаздардың үстіннен қылмыстық іс қозғауды ұсынды

29 сәуір, 2026
«Желісіз мемлекет»: Ресейдегі интернет-шектеулер Путиннің беделін сындырды

29 сәуір, 2026
«Соғысты Ресей аумағына апару»: Украин дрон күштерінің жаңа тактикасы және оның салдары

29 сәуір, 2026
Конгресс мақұлдаған қаражат, Пентагонның бөгелісі: Украинаға көмек неге кешіктіріліп жатыр?

28 сәуір, 2026
Қызылордада «Samruk-Kazyna Trust» қоры қолдауымен үстел теннисінен аймақтық турнир өтеді

28 сәуір, 2026
«ЕуроХим – Қаратау» ЖШС 800 адамды жұмыспен қамтымақ

28 сәуір, 2026
Жамбылдың өнеркәсіп кәсіпорындары 355,5 млрд теңгенің өнім өндірді

28 сәуір, 2026
«Дружба» арнасындағы кедергі: Ресей Қазақстан мұнайының Еуропаға экспортын неге бұғаттады?

28 сәуір, 2026
Канада жаңа ұлттық қор құруда: бұл ел экономикасын құтқара ма?

28 сәуір, 2026
Көрінбейтін майдан: Гибридті соғыстар ғасырында қалай аман қалуға болады?

27 сәуір, 2026
«Еліміз БҰҰ аясында маңызды жұмыстар атқарып жатыр»

27 сәуір, 2026
Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы дағдарыс: Король Карл III-нің Уашингтонға сапары не шешеді?

27 сәуір, 2026
Пхеньян мен Мәскеудің әскери альянсы: Украинадағы соғыс жаңа деңгейге өтті ме?

27 сәуір, 2026
Ирандағы «тыныштықтан кейінгі қысым»: режим неге репрессияны күшейтті?

25 сәуір, 2026
Елорданың коммуналдық қызметтері «Таза Қазақстан» акциясына жаппай қатысты

25 сәуір, 2026
Президентке мемлекеттік орган басшылары Астанада қандай өзгеріс болатынын баяндады

Біз туралы

ALASHORDA ақпараттық-сараптамалық сайты 2019 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетіне №17720 нөмірімен тіркеліп, Alashorda.kz ақпараттық агенттігі ретінде куәлік берілді.

Меншік иесі: «Әлихан» ЖК

Бізбен байланыс
  • Мекен-жай: Астана қ. Есіл ауданы, Ш.Айтматов көшесі 53, І блок, 89 пәтер
  • Email: qaraotkel@gmail.com
  • Тел.: +7 702 915 15 14 (Whatsapp)
Мобильдік қосымша

Сайтымыздың мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

Google Play
Яндекс.Метрика
© 2025. Alashorda ақпараттық-сараптамалық сайты. Барлық құқықтар қорғалған
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс