«Олимп» спорттық-сауықтыру орталығында тазалық жұмыстары жүргізілді

8 қараша, 2025 / Alashorda
Ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы аумағында жоспарлы тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шара барысында ғимарат ішіндегі және іргелес аумақтағы қоқыс қалдықтары жиналып, жасыл аймақтар ретке келтірілді, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар келушілер мен қызметкерлер үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Аталған бастама мекеме аумағының көркін жақсартып, санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

«Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғау және тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыратын болады.
«Олимп» спорттық-сауықтыру орталығының серіктесі – SportQory спортты қолдау қоры.

«Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті