Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Бүгін, 13:50 / Alashorda
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды. 

Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылды. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербор қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия Бақытжан Сағынтаев