Масуд Пезешкиан 10-11 желтоқсан күндері Астанаға ресми сапармен келеді

Бүгін, 13:54 / Alashorda
Фото: Anadolu Ajansı

10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды. 

Масуд Пезешкиан Иран Ислам Республикасы