Мәзір
Спорт

«Majilis Cup – 2025» мәреге жетті

«Majilis Cup – 2025» мәреге жетті
Ашық дереккөз

BAQ LIGA ұйымдастыруымен Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында шағын футболдан «Majilis Cup – 2025» турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды «Ақмешіт» командасы (Қызылорда) иеленсе,

2-орынды ASNews (Астана) алды. Ал 3-орын KFF Media (Астана) командасына бұйырды.

Сонымен қатар турнирдің жеке номинациялары бойынша үздіктер белгілі болды.

Үздік сұрмерген – Сапарғали Қанат (KFF Media, Астана)

Үздік қақпашы – Нұрислам Ғұмар (Атырау)

Үздік қорғаушы – Бақытжан Масақов (Sadaq Media)

Үздік шабуылшы – Нұржан Туғанбай (Шымкент)

Үздік ойыншы – Серік Әбілхан (Өскемен)

Марат Оспанов атындағы арнайы жүлдені Әділет Құсайынов (Қазмедиа) иеленді.

BAQ LIGA бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ

Серіктесі SportQory - Спортты қолдау қоры