Мәзір
Саясат

Иманбек «Құрмет» орденінің иегері атанды

Иманбек «Құрмет» орденінің иегері атанды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады. Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады. Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды. 

— «Құрмет» орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды. Ал, Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Игілікті жолдағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін, — деді министр.