«Болашақта да депутат боламын»: Сенатор әлі де депутат болатынына сенімді (ВИДЕО)

9 қыркүйек, 2025 / Alashorda

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жариялады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жариялады.

Аталған жолдаудың ең басты жаңалығы президенттің Сенатты таратып, бір палаталы парламент құру туралы ұсынысы болды. Әйтсе де Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында бір палаталы парламент құруды ұсынды және талқылауға "бір жыл уақыт керек" деді. Бұған қоса, бір палаталы парламент құру бойынша 2027 жылы референдум өткізу жайлы айтты.

«Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын. Содан кейін, яғни, 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді. Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз. Мен мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айттым. Егер бір палаталы парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын" деді ол.

Тоқаев қазіргі мәжіліс мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс істей беретінін, ал сенаттың референдум нәтижесіне қарай тарайтыны я тарамайтыны белгілі болатынын айтты.

Сенат депутаты Әли Бектаев президенттің жоғары палатаны тарқатуға байланысты ұсынысына қалай қарайды? Сондай-ақ оған «Сенат таратылса, мандатсыз қалмай ма?» деп сұрақ қойдық.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау Әли Бектаев Сенат депутаты