Республикалық референдум күні «Алматы Паркинг» КМК қызметкерлері жоғары азаматтық белсенділік танытты. Кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәліметінше, түске дейін ұжымның 96 пайызы дауыс беруге қатысқан, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Компания қызметкерлері таңдауын тұрғылықты жері бойынша орналасқан референдум учаскелерінде, сондай-ақ кәсіпорын бөлімшелері орналасқан аудандардағы учаскелерде жасады. Олардың көпшілігі азаматтық борышын орындау үшін учаскелерге таңертең ерте келіп, алғашқылардың бірі болып ұстанымын білдірді.
Кәсіпорын басшылығының айтуынша, ұжым дәстүрлі түрде белсенді азаматтық ұстаным танытып, ел үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысып келеді.
Еске салайық, бүгін бүкіл ел бойынша конституциялық реформаға қатысты республикалық референдум өтіп жатыр.