Мемлекет басшысы Молдова Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

27 тамыз, 2025 / Alashorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

— Президент жеделхатында екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді, — делінген хабарламада.