Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу ойындарына арналған соңғы тізімді жариялады

26 тамыз, 2025 / Alashorda

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Али Алиев қыркүйекте өтетін Уэльс (4 қыркүйек) және Бельгиямен (7 қыркүйек) матчтарға шақырылған ойыншылардың толық тізімін жариялады, деп хабарлайды Аlashorda.kz ақпараттық агенттігі KFF.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Улар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов («Динамо» Мәскеу, Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлеубай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі – «Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Бақыт Қайыров («Ақтөбе»), Дамир Қасабулат («Қайрат»);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»).

Ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын 29 тамызда Астанада бастайды.

Еске сала кетейік, қыркүйек айында Қазақстан құрамасы екі маңызды кездесу өткізеді: 4 қыркүйекте Уэльсті қабылдайды, ал 7 қыркүйекте Брюссельде Бельгиямен сырт алаңда ойнайды. Ойындар ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің аясында өтеді.