Мәзір
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Конго президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады

Мемлекет басшысы Конго президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады

Кездесу барысында Конго Демократиялық Республикасы Президентінің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Патрик Мпойи Луабеяға ілтипат білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.

Патрик Мпойи Луабея Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығын білдіріп, Конго Демократиялық Республикасы Президенті Феликс Чисекедидің арнайы сәлемін жеткізді.

Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.