Мәзір
Жаңалықтар

Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралады

Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралады

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды. Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді, — делінген хабарламада.