Қазақстанның жоғары санатты халықаралық төреші Тимур Ходжаев 2026 жылы Жапонияда ұйымдастырылатын Азия ойындарында үстел теннисінен өтетін кездесулерде төрелік етеді.
Сонымен қатар халықаралық санаттағы төрешілер – Гүлназ Жалалдин мен Рустам Мирасланов 2026 жылғы Азия пара ойындарында жұмыс істейді.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.