Мәзір
Қоғам

Жаңа оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың мерзімі бекітілді

Жаңа оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың мерзімі бекітілді

Құжат бойынша, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалды:

 

1) Жаңа оқу жылы әдеттегідей 2021 жылғы 1 қыркүйекте басталады.

2) Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 аптаға, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 аптаға жетеді.

Каникул кезеңдері: Бүкіл сыныптарда – күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында),

– қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында),

– көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында).

1-сыныптарға арналған қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында) болып белгіленді.