Александр Бублик Германиядағы ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды

23 маусым, 2025 / Alashorda
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Даниил Медведевтен басым түсті. Айта кетейік, Медведев – US Open турнирінің жеңімпазы.

Шешуші матч 6:3, 7:6 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.

Сонымен қатар турнир барысында Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы саналатын италиялық Янник Синнерді де жеңіп шыққанын атап өткен жөн.