Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жөнінде тараған мәліметке қатысты пікір білдірді.
Мәжілістің жалпы отырысы алдында журналистер Әсет Шындалиевтен осы оқиға туралы сұраған болатын.
– Кеше Жақсылықовтың өзі пікір білдірді емес пе? Бізде қандай да бір іс немесе басқа да шаралар жүргізілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ондай мәліметтер қолымда жоқ, – деді ол.