Қазақстан халқының арасындағы достық байланыстар қаншалықты берік?  

2 маусым, 2025 / Alashorda

Қазіргі таңда ұлттың заманауилығы тек экономикалық көрсеткіштермен немесе технологиялық дамудың деңгейімен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қатынастардың сапасымен, үстемдік ететін құндылық бағдарларымен және тұлғааралық өзара әрекеттестік түрлерімен айқындалып келеді. Осы тұрғыда достық ұғымы әлеуметтік құрылымды және мәдени жаңғыруды талдауда барған сайын маңызды мәнге ие.

Әлеуметтануда достық — бұл тұрақты әрі өзара әлеуметтік байланыстардың бір түрі ретінде қарастырылады, қазіргі заманда ол отбасылық және корпоративтік қатынастардың шеңберінен шығып отыр. Шынымен де, бүгінде сенім мен достық қарым-қатынастар демократиялық қоғамдардың тұрақты дамуы жолында шешуші рөл атқарады (Putnam, 2000[i]). Сенім деңгейі мен әлеуметтік белсенділігі жоғары елдерде азаматтық белсенділік артып, институттар мықтырақ қалыптасады және демократия тұрақты болады. Осы тұрғыда достық жекелеген құндылық қана емес, әлеуметтік құрылымның маңызды элементі ретінде көрінеді.

Рональд Инглехарт құндылықтардың ауысу теориясында индустриялықтан постиндустриалды қоғамға ауысқан сайын өзін-өзі көрсету, жеке автономия және теңдік құндылықтарының маңыздылығы қалай артатынын көрсетеді (Inglehart & Welzel, 2005[ii]). Бұл құндылықтар өзара қарым-қатынас серіктестерін, соның ішінде достарды, еркін таңдау тәжірибесіне негізделген практикалармен тығыз байланысты. Басқаша айтқанда, өзара сенім мен еркін таңдау негізінде қалыптасқан достық байланыстардың кең таралуы қоғамның заманауилығының және плюрализм мен әлеуметтік ашықтық жағдайында өмір сүруге дайындығының көрсеткіші ретінде қарастырылады.

Достықтың жаһандық динамикасы көптеген қоғамдардың институционалдық интеграциядан дараланған желілік құрылымдарға өту үстінде екенін көрсетеді. Осыған байланысты достық бұрынғыдай ұжымдық сипатта емес, барған сайын жекешелендірілген қарым-қатынасқа айналуда. Жалпы алғанда, қазіргі зерттеулер бүкіл әлем бойынша ересек адамдар арасында жақын достар санының азайып келе жатқанын және әлеуметтік желілердің бар болуына қарамастан, эмоционалдық жалғыздықтың артып отырғанын көрсетеді. Егер дәстүрлі қоғамдарда достық — өмір сүру үшін қажетті әрі тұрақты қатынас түрі болса (hard, қоғамның «қатқыл» құрылымы), қазіргі заманда ол икемді, бейімделгіш сипатқа (soft, «жұмсақ» құрылымға) ие болып отыр. Бұл жерде достық қажеттілікке емес, таңдау еркіне негізделеді: «Қазіргі адам еркіндігін шектемейтін, бірақ өзін қажет сезінуге мүмкіндік беретін байланыстарды іздейді. Достық — дәл сондай «икемді жақындыққа» айналуда» (Бауман, 2005[iii]).

Қазақстанда достық байланыстар қаншалықты кең таралған? Қазақстандықтар қаншалықты заманауи? Бұл сұрақтарға жауап беруге 2025 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ тапсырысы бойынша жүргізілген қоғамдық пікірге арналған сауалнама деректері көмектеседі[iv].  Достық мәселесі үш индикатор арқылы өлшенді: байланыстардың тығыздығы, қарым-қатынас жиілігі және достар тарапынан көрсетілетін көмек. Бұл өлшемдер Роберт Патнэмнің екі түрлі әлеуметтік байланыс жайлы идеяларына — bonding (байланыстырушы) және bridging (көпір орнатушы) капиталына негізделген. Бірінші түрі (bonding) — «өз» тобындағы адамдар арасында қалыптасатын байланыс болса, екінші түрі (bridging) — әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынасты білдіреді. Мұнда байланыстырушы достық байланыстарын өлшеу нәтижелері ұсынылып отыр.

Достық байланыстардың тығыздығы «Сіз тығыз қарым-қатынас жасайтын және өзіңіз үшін маңызды мәселелер туралы ашық сөйлесе алатын қанша досыңыз бар?» деген сұрақ арқылы өлшенді. Сауалнама нәтижелері бойынша:

Достық қарым-қатынастың жиілігі «Айына кемінде бір рет кездесетін қанша досыңыз бар?» деген сұрақ арқылы өлшенді:

Соңында, әлеуметтік капитал деңгейінің маңызды көрсеткіші ретінде адам көмек сұрай алатын, яғни мықты әрі сенімді бейресми достарының болуы қарастырылады:

Қаралған өлшемнің әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері:

Сонымен, Қазақстандағы достық байланыстарды зерттеу көптеген қазақстандықтар үшін достардың болуы өмірдің маңызды және қолдаушы бөлігі болып қала беретінін көрсетеді. Достық байланыстар эмоционалды ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік функцияны да орындайды: олар қиындықтарды жеңуге, сенім қалыптастыруға және қоғамның әлеуметтік құрылымын нығайтуға көмектеседі. Алайда респонденттердің төрттен бірінде бір ғана дос бар немесе олар достық желілерге кірмейді. Бұл позициясы ерекше назар аударуды қажет ететін мағыналы топ. Бұл — ерекше назар аударуды қажет ететін маңызды топ. Біз көріп отырғанымыздай, себептер әртүрлі болуы мүмкін: жас ерекшелігі, көші-қон, кедейлік, тұратын аймақ, елді мекен типі және этникалық құрам.

Достық байланыстарды қолдау — бұл әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық денсаулыққа және қоғамға араласу сезіміне инвестиция. Әсіресе осындай байланыстарды осал топтар арасында нығайтуға бағытталған саясат ұзақ мерзімді дамудың маңызды бағытына айналады. Өйткені достық — әлеуметтік капиталдың бір формасы ретінде қоғамды біріктіретін «желім» іспетті, ал оның тапшылығы атомизацияға және ынтымақтастықтың төмендеуіне әкеледі.


[i] Putnam, Robert. (2000). Bowling Alone: The Collapse and Revival of American Community.New York: Simon and Schuster.

[ii] R. Inglehart, C. Welzel. Modernization, Cultural Change and Democracy. University of Michigan, Ann Arbor, 2005.

[iii] З. Бауман. Индивидуализированное общество. Логос, 2005.

[iv]  Әлеуметтанулық-саяси сауалнама ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2025 жылдың 20 наурыз бен 20 сәуір аралығында жүргізілді. Үлгілік жиынтық көлемі – 8 001 респондент. Сауалнамаға 18 жастан асқан, 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қала – Астана, Алматы және Шымкент тұрғындары қатысты.

 

Айгул Забирова,

ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері,

әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор