Мемлекет басышысы хатшылықтың ҚР аумағында болуы шарттары туралы заңына қол қойды

20 мамыр, 2025 / Alashorda

Мемлекет басышысы хатшылықтың ҚР аумағында болуы шарттары жөнінде келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.  

— Мемлекет басшысы «2007 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — деп хабарлады Ақордадан.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.