Қазақстан ауыр атлетикадан Цзяншань (Қытай) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.
Қоссайыстың қорытындысы бойынша қазақстандық зілтемірші 333 (146+187) келі салмақты еңсерді.
Бірінші орынды Индонезия өкілі Абдулла Рамат Ервин 360 (155+205) келімен иеленсе, екінші орынға Қытайдан У Хайфен 334 (145+189) келімен жайғасты.
Сурет: AWF