Мәзір
Жаңалықтар

Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады

Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам — Бостандық күнімен құттықтады.

— Мемлекет басшысы ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін, бүгінде халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. Президент жеделхатта Сирил Рамафосаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі, — делінген Ақорда таратқан ақпаратта.