Президенттің өкімімен Абай Қайырбеков жаңа қызметке тағайындалды

28 ақпан, 2025 / Alashorda

Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жандос Шаймарданов қызметінен босатылғанын, Қанат Шарлапаевтың Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалғанын жазған едік.