Наурызда 1 000 теңгелік банкнота жаңа дизайнмен айналымға енгізіледі

21 ақпан, 2025 / Alashorda

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚҰБ Басқармасының кезекті отырысы өтті. Онда ақша және валюта нарығындағы жағдай туралы баяндама қабылданды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті.  

— 2025 жылғы 28 наурыздан бастап 2024 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайны бар 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылданды, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ 2025 жылы екі жаңа коллекциялық монета — «GRIFFIN» («Көшпенділер аңызы мен мифтері» сериясынан) және «OTYRAR» («Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан) монеталарын шығару әрі айналымға енгізу мәселесі бекітілді.