alashorda логотипі
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Заң мен тәртіп
Мәзір
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Заң мен тәртіп
  • Байланыс (WhatsApp)
  • ORDA LIFE
Жаңалықтар

Қазақстан халқының 98,9% жаппай ауызсумен қамтылған

Alashorda 14 ақпан, 2025
Қазақстан халқының 98,9% жаппай ауызсумен қамтылған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықты ауызсумен қамтамасыз ету және су қорын келешек ұрпаққа сақтау үшін жан-жақты шаралар қабылдау – біздің тікелей міндетіміз», – деген болатын.

2024 жылы 3100 шақырым сумен жабдықтау желісі салынып, қайта жаңартылды. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 98,9%-ы сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілген: қала тұрғындарының 99,4%-ы және ауыл тұрғындарының 97,8%-ына сапалы ауызсу қолжетімді.

(Анықтама үшін: 2020 жылы ауыз сумен 93,8% азамат қамтылды, 2021 жылы – 95,6% , 2022 жылы – 96,5% , 2023 жылы – 97,8%).

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2024 жылы еліміздің 6 өңірінде: Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жоба аяқталды. Бұл 208 мың тұрғыны бар 49 елді мекенді сумен қамту сапасын жақсартты.

Еліміздің 9 облысы: Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 23 жобаны іске асыру басталды.

Барлық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 420 елді мекенді сумен қамту сапасын жақсарту үшін 2100 шақырымнан астам су құбыры салынады. 162 мың тұрғыны бар 67 елді мекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылады.

2024 жылы ауызсудың сапасына санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету үшін 241 су құбыры тексерілді. Оның 209-ы ауылдық жерде, 24-і қалаларда, 8–і топтық су құбырлары. Анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 44 нұсқама берілді. Жалпы алғанда, еліміздің су құбырларынан алынған 66 мыңнан астам сынама зерттелді.

«Бізге жалпы мемлекеттік бағдарлама қажет. Бау-бақшаны суару үшін ауызсуды пайдалануға болмайды. Оның орнына су үнемдеу технологиясын қолданысқа енгізіп, жер астынан жаңа су көздерін іздеу қажет»,- деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылы «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі құрылды. Мекеме еліміздегі су тапшылығы бар өңірлерде жерасты су ресурстарын игеру және пайдалану үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүзеге асырады. Республиканың батысындағы елді мекендерді жерасты көздерінен ауызсумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Болжам бойынша, Қазақстандағы жерасты суларының қоры шамамен 40 млрд текше метр, оның 15 млрд текше метрі пайдалануға дайын. Елімізде жыл сайын ауызсу қажеттілігі үшін 1,2 млрд текше метр су жұмсалатынын айта кеткен жөн.

Жерүсті суларының көлемін ұлғайту үшін 2030 жылға қарай жалпы көлемі 2,6 млрд текше метр су жинай алатын 42 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр.

«Біз қоғамда ресурстарды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру маңызды екенін талай жылдан бері айтып келеміз. Бірақ азаматтарға үндеу тастау жеткіліксіз. Бұдан бөлек, ресурстарды тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу қажет. Үлгі етуге болатын жақсы мысалдар бар»,- деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында су саласын цифрландыру, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру және құрғақшылыққа төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарына көшу, сондай-ақ ірі елді мекендерде тазартылған сарқынды суды қайта пайдалану бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар тұрмыстық жағдайда су үнемдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық бекітілді.

Су үнемдеу озық технологияларын енгізуді жеделдету аясында кәсіпорындарды өнеркәсіпте суды қайта пайдалану жүйелеріне көшуге ынталандыру бойынша іс-шаралар әзірленді.

Су кодексінің жаңа редакциясында кәсіпорындарда бес жыл мерзім ішінде суды айналымды және (немесе) қайта пайдалану жүйелеріне көшу жоспарының болуы жөніндегі талап қарастырылған. Әр облыстағы өнеркәсіп орындарында суды қайта пайдалануды ұлғайту бойынша 2030 жылға дейін модельдік жоспар әзірленді және бекітілді.

2030 жылдың соңына дейін экономика салаларындағы суды қайта пайдалану үлесін 17%-дан 28%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, тұрмыстық жағдайда су үнемдеу бойынша Әдістемелік нұсқаулық бекітілді, құжат крандардағы ақауды уақытылы жою, аэрациялық кранды пайдалану, екі түймелі су ағызу цистерналарын қолдану, автоматты сенсорлық су араластырғыштарды орнату, кір жуатын машинаны толық жүктеме кезінде ғана қосу және т.б. іс-шараларды қамтиды.

2024 жылы еліміздің 6 өңірінде жеке тұлғалар үшін ауызсуды тарифтеу тәртібі қайта қаралды. Тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілді(айына 3 м3 артық су тұтынған жағдайда, нормадан асып кеткен су көлемі үшін тариф жоғарылайды).

Бұл шара 6 өңірде: Ақмола, Ақтөбе, Түркістан, Ұлытау облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында айына орта есеппен 1,65 млн текше метр су үнемдеуге мүмкіндік берді. Тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілгенге дейін барлық 6 өңір бойынша ауызсуды тұтынудың орташа көлемі 21,1 млн текше метр еді, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 19,5 млн текше метрге дейін төмендеді.

Су шаруашылығы инфрақұрылымын толық жаңғырту, суды үнемдейтін озық технологияларды енгізу, суды есепке алу жүйесін цифрландыру, халық пен кәсіпорындар арасында суды үнемдеу мәдениетін дамыту Қазақстан халқын жоғары сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Тағы оқыңыз!

Астанада кейбір мекемелер 7:30-дан бастап жұмыс істейтін болды
Астанада кейбір мекемелер 7:30-дан бастап жұмыс істейтін болды
3 қыркүйек, 2025
144 млрд теңге жымқырған Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілініп, босандыққа шықты
144 млрд теңге жымқырған Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілініп, босандыққа шықты
3 қыркүйек, 2025
«Абай облысында экологиялық құқық бұзушылықты анықтайтын видеокамералар орнатылды»
«Абай облысында экологиялық құқық бұзушылықты анықтайтын видеокамералар орнатылды»
30 тамыз, 2025
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы дәрігер тапшылығын жоюға көмектеседі»
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы дәрігер тапшылығын жоюға көмектеседі»
30 тамыз, 2025
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүтті сиыр алып, йогурт шығарып жатырмын»
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүтті сиыр алып, йогурт шығарып жатырмын»
30 тамыз, 2025
Президент атынан шахтерлерге жоғары мемлекеттік наградалар тапсырылды
Президент атынан шахтерлерге жоғары мемлекеттік наградалар тапсырылды
28 тамыз, 2025
Жаңалықтар
Бүгін, 13:59
Серік Жұманғарин АҚШ сауда палатасымен және ірі америкалық компания өкілдерімен кездесті

5 қыркүйек, 2025
«Шалбарының өзі миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы 2,4 миллионның пиджагын киеді

5 қыркүйек, 2025
Танымал рэпер Qarakesek есірткімен ұсталды (ВИДЕО)

4 қыркүйек, 2025
Торғай жұрты толқып тұр (ВИДЕО)

4 қыркүйек, 2025
Балаева СІМ басшысы ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды

4 қыркүйек, 2025
Цифрландыру көлеңкелі экономикадан 28 млрд теңгеден астам қаражатты шығаруға мүмкіндік берді

3 қыркүйек, 2025
Үкімет TURAN арнайы экономикалық аймақ территориясын кеңейтті

3 қыркүйек, 2025
Астанада кейбір мекемелер 7:30-дан бастап жұмыс істейтін болды

3 қыркүйек, 2025
«Қарғысқа ұшырайсың!»: белгілі блогер табытта жатып, эфир жүргізді (ВИДЕО)

3 қыркүйек, 2025
Қожамжаровтың жақын серіктері қамауға алына бастады

3 қыркүйек, 2025
Қазақстанда сайлау туралы заң қайта өзгеретін болды

3 қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев әскери парадты тамашалады

3 қыркүйек, 2025
144 млрд теңге жымқырған Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілініп, босандыққа шықты

3 қыркүйек, 2025
Мәдени орталық: Қазақ өнері мен дәстүрі Қытай төрінде

2 қыркүйек, 2025
Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін

2 қыркүйек, 2025
Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды

1 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

30 тамыз, 2025
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді

30 тамыз, 2025
«Абай облысында экологиялық құқық бұзушылықты анықтайтын видеокамералар орнатылды»

30 тамыз, 2025
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы дәрігер тапшылығын жоюға көмектеседі»

30 тамыз, 2025
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүтті сиыр алып, йогурт шығарып жатырмын»

29 тамыз, 2025
Кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтуымыз керек — Президент

28 тамыз, 2025
Президент атынан шахтерлерге жоғары мемлекеттік наградалар тапсырылды

28 тамыз, 2025
Қазақстан Президенті мен Иордания Королі Astana Hub кластеріне барды

27 тамыз, 2025
Президент: Қазақстан мен Иорданияның агробизнес саласындағы әлеуеті мол

27 тамыз, 2025
Цифрлық штаб шешімі азаматтарға eGov, Aitu және eOtinish қызметтеріне тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етіледі

27 тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің жоғары орденімен наградталды

27 тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Молдова Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

26 тамыз, 2025
Олжас Бектенов жылу беру маусымын өткізу жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын қайта жаңғыртуды тапсырды

26 тамыз, 2025
Президент Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасын қабылдады

26 тамыз, 2025
Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу ойындарына арналған соңғы тізімді жариялады

26 тамыз, 2025
Президенттің қай күні Жолдау жасайтыны белгілі болды

26 тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады

25 тамыз, 2025
Президент Денсаулық сақтау министріне міндетті медициналық сақтандыру жүйесін тиімді етуді тапсырды

25 тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Конго президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады

25 тамыз, 2025
Дүкен сөрелерінің 50%-ын қазақстандық тауарлар құрайды – Министр

25 тамыз, 2025
«Трамптың мақсаты – соғысты тоқтату емес, Ресеймен қарым-қатынасты қалпына келтіру болып отыр»

24 тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

23 тамыз, 2025
Ұлытау және Ақтөбе облыстарында жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді

23 тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті

22 тамыз, 2025
Президент Садыр Жапаровты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

22 тамыз, 2025
Елімізде әуе кемелерінің паркі жаңа ұшақтармен толықтырылады

22 тамыз, 2025
«Ынтымақ Ордо» резиденциясында Президентті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

22 тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды

21 тамыз, 2025
Президент Жарлығымен Жоғары аудиторлық палатаның құзыреті кеңейтілді

21 тамыз, 2025
Үкіметте ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету мәселелері қаралды

21 тамыз, 2025
Олжас Бектенов жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді

21 тамыз, 2025
9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға көшті

20 тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

20 тамыз, 2025
Мемлекет басшысы бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді

Біз туралы

ALASHORDA ақпараттық-сараптамалық сайты 2019 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетіне №17720 нөмірімен тіркеліп, Alashorda.kz ақпараттық агенттігі ретінде куәлік берілді.

Меншік иесі: «Әлихан» ЖК

Бізбен байланыс
  • Мекен-жай: Астана қ. Есіл ауданы, Ш.Айтматов көшесі 53, І блок, 89 пәтер
  • Email: qaraotkel@gmail.com
  • Тел.: +7 702 915 15 14 (Whatsapp)
Мобильдік қосымша

Сайтымыздың мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

Google Play
Яндекс.Метрика
© 2025. Alashorda ақпараттық-сараптамалық сайты. Барлық құқықтар қорғалған
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс