Трамп Зеленскиймен күтпеген кездесу өткізуі мүмкін бе?

8 ақпан, 2025 / Alashorda

Жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамп   Украина президенті Зеленскиймен келесі аптада кездесуі «мүмкін» екенін мәлімдеді, деп хабарлайды  AFP.

«Мен, келесі аптада президент Зеленскиймен кездесуім мүмкін», – деп жазды AFP агенттігі.

Бұл кездесу Вашингтонда өте ме деген сұраққа Трамп: «Кездесу Вашингтонда болуы мүмкін – бірақ мен ол жаққа [Киевке] бармаймын», – деп жауап берді.

«Интерфакс-Украина» басылымы Трамптың «ол жақ» деп Мюнхендегі келесі аптада өтетін қауіпсіздік конференциясын меңзегенін болжайды.

Шынар АҚЖАНҚЫЗЫ