Жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Зеленскиймен келесі аптада кездесуі «мүмкін» екенін мәлімдеді, деп хабарлайды AFP.
«Мен, келесі аптада президент Зеленскиймен кездесуім мүмкін», – деп жазды AFP агенттігі.
Бұл кездесу Вашингтонда өте ме деген сұраққа Трамп: «Кездесу Вашингтонда болуы мүмкін – бірақ мен ол жаққа [Киевке] бармаймын», – деп жауап берді.
«Интерфакс-Украина» басылымы Трамптың «ол жақ» деп Мюнхендегі келесі аптада өтетін қауіпсіздік конференциясын меңзегенін болжайды.
Шынар АҚЖАНҚЫЗЫ