Қылмыс әлемінің серкесі «Дикий Арманға» сот үкімі шықты

27 қаңтар, 2025 / Alashorda

 «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты. 

Сот Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ Арман Жұмагелдиевке түрлі ұйымдарға мүше болуға, іс-шаралар ұйымдастыруға және бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілерде жазба жариялауға тыйым салынды.

Еске салайық, 2022 жылы Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.