Бокстан 2025 жылғы Әлем кубогының кезеңі Қазақстанда өтеді

23 қаңтар, 2025 / Alashorda
World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялады.
Күнтізбе бойынша 2025 жылғы Әлем кубогының екінші кезеңі Қазақстанда ұйымдастырылады. Турнир 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.Бокстан Әлем кубогы – ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы.

Сондай-ақ, биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айында финалдық бәсекелер орын алмақ.

Ал, 2025 жылғы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтетіні белгілі болды.

Дереккөз: Федерацияның баспасөз қызметі.