Руслан Сыздықовтың сайлауалды бағдарламасы

16 шілде, 2021 / Alashorda

Руслан Сайатұлы Сыздықов 1988 жылдың 28 қаңтар күні Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар ауылында дүниеге келген.

1995-2004 ж.ж. Шалқар аулындағы жалпы орта мектепте білім алды.

2004-2007 ж.ж. «Басқару Колледжінде» қаржыгер;

2010-2013 ж.ж. Жамбыл гуманитарлық техникалық универсиетін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2007-2008 ж.ж. «Элит интерьер» ЖШС сауда үйінде электромонтажник ретінде бастаған.

2008-2010 ж.ж. «Құлагер» құрылыс корпорациясында көлік жүргізуші;

2010-2013 ж.ж. Жамбыл облысы Әділет департаментінде көлік жүргізушісі;

2014-2019 ж.ж. «DNS GRUP» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары;

2019 жылдан бастап «Дозор» ЖШС директоры болып қызмет атқарады.

Үйленген. Бір қызы бар.

Руслан Сыздықовтың сайлауалды бағдарламасы

Құрметті Шалқар ауылының сайлаушылары!

Мен Руслан Сайатұлы Сыздықов 1988 жылдың 28 қаңтар күні Шалқар ауылында дүниеге келіп, осындағы жалпы орта мектепте білім алдым.

Сондай-ақ «Басқару Колледжінде» қаржыгер, Жамбыл гуманитарлық техникалық универсиетін заңгер мамандығы бойынша аяқтадым.

Еңбек жолымды «Элит интерьер» ЖШС сауда үйінде электромонтажник ретінде бастап, «Құлагер» құрылыс корпорациясы мен Жамбыл облысы Әділет департаментінде көлік жүргізушісі болдым. Сонымен қатар «DNS GRUP» ЖШС-де директордың қаржы жөніндегі орынбасары ретінде тәжірибе жинадым. 2019 жылдан бастап «Дозор» ЖШС директоры болып абыройлы қызмет атқарып келемін.

Қазіргі таңда жұбайым екеуміз бір қызды тәрбиелеп отырмын.

Шалқар ауылының тумасы болғандықтан туған жерімнің таныс-тіршілігін бес саусағымдай білемін. Еліміздегі көптеген ауыл секілді Шалқарда да қордаланған мәселе шаш етектен. Осы түйткілді мәселелерді өздеріңізбен бірге шешуге ат салыссам деймін.

Шалқар ауылының халқына жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік жағдайын түзеуге күш салғым келеді. Өзім жас азамат болғандықтан ауылдағы жастардың жаппай қалаға көшіп жатқаны қатты алаңдатады. Астанаға ағылған жастардың ағынын тоқтату үшін ауылда мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, тасада жүрген таланттарды жұртқа танытсам деймін.

Менің сайлауалды бағдарламам мемлекеттік бағдарламаларды халыққа түсіндіріп, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке баулуға арналған. Себебі Үкіметтің оңтайлы бағдарламалары халыққа дұрыс түсіндірілмей, соның салдарынан жастар қалаға жаппай көшіп жатыр. Мен Шалқар ауылының жастарына қолайлы жағдай жасағым келеді. Алға қойған мақсат-міндеттерге жету үшін маған Сіздердің қолдауларыңыз қажет!

 

Руслан Сыздықов,

Шалқар ауылдық округінің

әкімі лауазымына үміткер