Сандуғаш Кенжебаева Антальядағы жарыстың жеңімпазы атанды

12 қаңтар, 2025 / Alashorda
19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Антальяда (Түркия) өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстан теннисшісі жұптық сында түркиялық Илай Йорукпен бірге өнер көрсетті.

С.Кенжебаева/И.Йорук финалда германиялық Мина Ходжич/швейцариялық Мари Меттраукспен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші кезеңде қазақстандық-түркиялық жұп сәтті ойнады – 6:4.

Екіншісінде қарсыластары есе қайтарды – 5:7.

Алайда супер тай-брейкте Сандуғаш пен Илай жеңісті жұлып алды – 10:8.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова ресейлік Мария Головинамен бірге Монастир (Тунис) ITF W15 жарысының финалында ұтылып қалды.