Жамбыл облысында 15 жастағы оқушы өз үйінің сарайында асылып қалды

29 желтоқсан, 2024 / Alashorda

Жамбыл облысында 15 жастағы мектеп оқушысы өз үйінің сарайында асылып қалған күйінде табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Аlashorda.kz сайты.

“Оқиға орнында полицияның жедел-тергеу тобы, прокуратура қызметкерлері, білім беру басқармасының өкілдері, психологтар және балалар құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатыр. Тергеудің толық, объективті және жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сай қосымша ақпарат жарияланбайды”,- делінген хабарламада.