Елисей сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

5 қараша, 2024 / Alashorda

Ақорда Елисей сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өткенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Елисей сарайының орталық кіреберісінен Президент Эмманюэль Макрон күтіп алды.

Қарсы алу рәсімінен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда