Ішкі істер министрі Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі бақылауға алды

7 қазан, 2024 / Alashorda

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Талғар ауданындағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды.

«Алматы облысының Талғар ауданында болған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты мән-жайлар менің жеке бақылауымда. Оқиға орнында бірінші орынбасарымның басшылығымен ІІМ қызметкерлерінен құралған топ жұмыс істеп жатыр. Кінәлілер тиісті жазасын алады», – делінген жазбада.

Еске салайық, Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні жас жігіттер арасында жанжал туындады. Кикілжің қарулы қақтығысқа ұласып, салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.