Мәзір
Экономика

Есеп комитетінің төрағасы Тоқаевқа тексерістердің қорытындысы туралы баяндады

Есеп комитетінің төрағасы Тоқаевқа тексерістердің қорытындысы туралы баяндады

Наталья Годунова президентке 2020 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуына қатысты үкіметтің есебі бойынша шығарылған негізгі қорытындылар жөнінде есеп берді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар Наталья Годунова жер ресурстарын басқаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және “Тау-кен Самұрық” ұлттық тау-кен компаниясы” акционерлік қоғамына жүргізілген тексерістердің негізгі қорытындылары туралы баяндады.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына тиісті тапсырмалар берді.