Түркияда тағы 5,3 балдық зілзала тіркелді

7 ақпан, 2023 / Alashorda

Түркияның Адыяман провинциясында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Сілкініс эпицентрі Гөлбашы ауданында болған, ошақ 8,13 км тереңдікте жатқан.

«Түркияның оңтүстік-шығысындағы Адыяман провинциясында 5,3 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы сейсенбі, 7 ақпанда Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Түркия басқармасы (AFAD) хабарлады. Дүмпулер жергілікті уақыт бойынша таңғы 06.13-те тіркелді», – деп жазылған Анадолы сайтында.