Өткен тәулікте 13 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

12 маусым, 2022 / Alashorda

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 13 адамнан анықталды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 862 адамға жетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Нұр-Сұлтан қаласында 7, Алматы қаласында 5, Алматы облысында 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Сондай-ақ, бұл дерттен Алматы қаласында 3, Қарағанды облысында 3 жазылып шықты.