Мәзір
Ақпарат

Валентина Хальзова бокстан әлем чемпионатында бірінші қарсыласын жеңді

Валентина Хальзова бокстан әлем чемпионатында бірінші қарсыласын жеңді

Ыстамбұлда (Түркия) бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық Валентина Хальзова (70 келіге дейін) турнирдегі алғашқы қарсыласын жеңді. Оның 1/16 финалдағы қарсыласы Кения өкілі Лорна Куса Симби болды.  Біздің спортшымыз жекпе-жекті екі нокдауннан кейін бірінші раундта аяқтады.

Хальзованың келесі қарсыласы оңтүстік кореялық Суджин Сеон болмақ.